24.02.2020, 10:56
Оқылды: 61

БҚО-да полиция қызметкеріне пара ұсынған көлік жүргізушілерге іс қозғалды

2020 жылғы 13 ақпан күні сағат 02:30 кезінде «Hyundai Accent» маркалы автокөлігінің 1971 ж.т. жүргізушісі Ж.Молдагалиев көшесінің бойында орналасқан ҚР Жолда жүру ережесінің 3.1 «Кіруге тыйым салынады» жол белгінің талаптарын бұзады.

пара

Әкімшілік құқық бұзушылықты бірден байқаған Орал қаласы ПБ ППБ инспекторлары полиция капитаны Р.Утегенов және полиция лейтенанты С.Сырымов автокөлікті тоқтатып, әкімшілік заңнаманың нормаларына сай тиісті шараларды қолдану кезінде жүргізуші оны әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін лауазымды тұлғаға екі мың теңге көлемінде пара ұсынған. Бұл заң бұзушылық фактісінің жолын кесу мақсатында полиция капитаны Р.Утегенов тікелей басшылығына баяндап, нәтижесінде БҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен Аманжолов көшесінде орналасқан «Nur Otan» әкімшілік ғимаратының жанында «Hyundai Accent» маркалы автокөлігінің 1971 жылғы жүргізушісі парасымен бірге ұсталды. Құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Осыған ұқсас, ағымдағы жылы 2 ақпанда сағат 21.00 кезінде Н.Назарбаев даңғылында орналасқан «Достық» сауда үйі жанында Орал қаласы ПБ ППБ инспекторлары полиция капитаны Р.Утегенов және полиция лейтенанты К.Табылдиев «Lada-2110» маркалы автокөлігін 1987 жылы туылған жүргізушісін 3.27 «Тоқтауға тыйым салынады» жол белгінің талаптарын бұзғаны бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін лауазымды тұлғаға 1 мың теңге көлемінде пара ұсынған. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ, БҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаңтардың 30 күні сағат 14:07 кезінде қаладағы С.Датұлы көшесінің бойында орналасқан «Виктория» қонақ үйінің жанында Орал қалалық ПБ ППБ взвод командирі полиция аға лейтенанты Нұржан Гумировке патрульдік автокөлік салонында ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпау мақсатында бес мың теңге көлемінде ақша ұсынғаны үшін Орал қаласының 1979 жылғы тұрғыны ұсталған болатын. Тексеру кезінде оның С.Датұлы және Жамбыл көшелерінің қиылысында «FORD» маркілі автокөліктің жүргізушісі автокөлікті басқара отырып жолда жүру ережесінің 5.8.2. жол белгісі талаптарын орындамағаны белгілі болды. Аталған жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқыбұзушылық туралы хаттама толтырылды. ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты процессуалдық шешім шығарылды.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале