Дене жарақатын алған жаяу жүргінші қайтыс болған. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.
- Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Көлік рөлінде полиция қызметкері болған. Ол жұмыстан кетті. Медициналық сараптама полицияның ішімдік ішпегенін көрсетті. Оқиғаға қатысты жасалған болжам бойынша жол апаты жарықтандырылмаған көшеде болған. Осы іске қатысты қызметтік тексеріс басталды, - делінген хабарламада.