15.03.2026, 11:25
Оқылды: 69

БҚО-да референдумға қатысушылардың белсенділігі жоғары

Жаңа Конституция жобасына қатысты өтіп жатқан референдумда Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының белсенділігі ерекше байқалуда. Дауыс беру күні сайлаушылар өз құқықтарын пайдаланып, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдауда.

75f71856-9213-4486-8cd9-f03a128b5803

Тұрғындардың дауыс беруі – демократиялық процестің негізгі көрінісі. Биылғы саяси науқан қарсаңында облыста қоғамдық талқылаулар, ақпараттық кездесулер мен түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілді. Соның нәтижесінде әрбір азамат өз дауысының маңызын түсініп, референдумға белсенді қатысуға ниет танытуда.

81406b8f-bba6-4ee6-9992-eefdc50bd1db

Орал қаласындағы №486 сайлау учаскесінде де халық қарасы көп. Учаске ішіне де, сыртында да дауыс беруге келген тұрғындардың легі үзілмейді. Әрқайсысы өз таңдауын жасап, азаматтық позициясын білдіруге асық.

photo-output

Сарапшылардың пікірінше, тұрғындардың басқару процестеріне белсенді қатысуы – қоғамның тұрақты дамуының маңызды негізі. Сайлаушылардың жоғары белсенділігі мен ашық пікір білдіруі елдегі демократиялық құндылықтардың нығая түскенін көрсетеді.

b09fe115-e868-460b-9787-465747e60b0f

e2c70a1f-7c05-4927-81a0-6db63e5b9c44

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале