22.10.2022, 18:03
Оқылды: 131

БҚО-да Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табысталды

Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлауда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күнді қайтадан атаулы күндердің бірі әрі Ұлттық мереке деп бекіткен еді.

WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.17 (2)

Өңірімізде де мереке аясында 200-ден астам шара жоспарланып, бірнеше күннен бері аталып өтілуде.
Бүгін 25 қазан - Республика күніне арналған «Еңселі егемен ел!» атты салтанатты шара өтті. ҚР Мемлекеттік Туы кіргізіліп, Мемлекеттік Гимн орындалған соң облыс әкімі Ғали Есқалиев Ұлттық мерекемен құттықтады.

WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.17 (1)

- Бұл күн – еліміз үшін де, азаттық жолында азапты жолдан өткен халқымыз үшін де айрықша маңызды күн. Тәуелсіз елдің ең басты ұстанымы ол – қоғамның, сол елдегі мемлекет құраушы ұлттың ұлы рухы, жасымаған жігері, тұнық ой-санасы. Әділетті Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші елдің бірлігінде, этносаралық татулығы мен даналығында. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз Тәуелсіздік жылдары толағай табысқа жетті. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін өткір дағдарысты еңсерудің қаншалықты қиын болғанын баршаңыз білесіздер. Кәсіпорындар тоқтап, адамдар жұмыссыз қалды. Ішкі өнім төмендеп, зейнетақы мен жалақы берілмеген кез орта және аға буын өкілдерінің әлі есінде. Біз сол қиындықтарды абыроймен еңсердік. Бұл барды бағалауға, өткенді саралауға үйрететін тарих беттері. Оны біз ұмытпауымыз керек! Баршаңызға белгілі, 90-шы жылдары құрылыс жұмысы тұралап қалды. Ал бүгінде мемлекеттік бағдарламалардың арқасында құрылыс жұмыстарының көлемі бірнеше есе артып, 175 млрд. теңгеге жетті. Біз Тәуелсіздіктің арқасында – тарихы біте қайнасқан, тілін, дінін түгендеген біртұтас халыққа айналдық. 1986 жылы қазақ рухының қыраны Жұбан Молдағалиев қазақ мектептерінің аздығын айтқан болатын. Шынында сол жылдары қаламызда қазақ мектептерінін саны не бары 3 пайызды құрады. Ал бүгінде Орал қаласындағы 58 мектептің 55-і қазақ тілінде білім береді. Табан астындағы топырақтың қадірін білмей, кең байтақ Отанды сүю мүмкін емес. Халқымыз бейбітшіліктің қадірін соңғы уақытта айрықша ұғынып жүр десек артық болмас. Біздің ендігі міндетіміз - Республикамызды, егемендігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау! Ардақты әлеумет! Баршаңызды Республика күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!, - деді Ғали Нәжімеденұлы.

WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.16 (2)

Одан әрі өңір басшысы елдің дамуына үлес қосып жүрген сала мамандарын мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Облыс әкімі алдымен ұстаз, еңбек ардагері Дариға Мұштановаға «Парасат» орденін,  «ЖайықЖылуҚуат» АҚ-ның бас директоры Қуат Мусинге «Құрмет» орденін табыстады.

WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.16 (1)

Ал ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығының мейірбекесі Гүлайым Жұмашева, «Айсұлу» шаруа қожалығының инженері Азамат Қуанаев марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін медалі» «Кублей» ЖШС-ның өндіріс меңгерушісі Гүлнұр Дошмұқановаға, «Талап» АҚ президенті Ольга Дунаеваға, еңбек ардагері Үзілдік Елубайқызына, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровқа, еңбек ардагері Аман Жүсіпқалиге, кәсіпкер Қайрат Кәрімовке, «ДСК Приоритет» ЖШС директоры Жанна Кенжинаға, Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимовке, Шыңғырлау аудандық кітапханасының директоры Гүлсім Қуанаеваға, «Шаңырақ» қожалығының басшысы Геворк Матевосянға, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Рафаиль Насыровқа, «Бекқайыров» қожалығының малшысы Азамат Салимовке, «СКФ Отделстрой» ЖШС-ның құрылыс учаскесінің бастығы Александр Стасюкевичке, «KazConstructionGroup»  ЖШС-ның басқарушы директоры Нұркен Хайруллинге, «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» жаттықтырушысы Теміржан Хасанғалиевке, «Белес-Агро» ЖШС директорының кеңесшісі Қасым Ысқақовқа берілді.

Мемлекеттік «Шапағат» медалі «Болашақ» қожалығының басшысы Нұртай Жұмашевқа, «Қазақстан Республикасы қызыл ай қоғамы» ҚБ БҚО филиалының төрағасы Светлана Тенишеваға табысталды.

Мұнымен қоса ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Құрмет» грамотасына қаладағы №4 мектептің мұғалімі Злика Габдуллина, облыстық жедел жәрдем станциясының фельдшері Айсұлу Ибатова, еңбек ардагері, журналист Махмет Қажиахметов, «Атамекен» туризм орталығының директоры Айболат Құрымбаев, «БҚ аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС Бөкей ордасындағы торабының басшысы Самат Оңаев, Бәйтерек ауданындағы №157 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Юрий Саяпин ие болды.

WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.13 (1)

Салтанатты шара өңір өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласып, көрермен күмбірлеген күй мен әсем әнге қанығып, мың бұралған бишілердің биін тамашалады.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жерлестеріміз Яна Лұқпанова және Михаил Пшеничныйға «Құрмет» орденін,  Дария Бақытоваға «Ерен еңбегі үшін медалін» табыстады.

Динара Насыр,
Суретке түсірген автор
zhaikpress.kz

WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.17 WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.16 WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.15 WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.15 (1) WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.13 WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.14 (1) WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.14 (2) WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.14 WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.13 (3) WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.12 WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.11 (1) WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.11 (2) WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.11 WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.12 (1) WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.10 WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.10 (2) WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.10 (1) WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.09 WhatsApp Image 2022-10-22 at 18.49.09 (1)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале