25.10.2024, 13:37
Оқылды: 91

БҚО-да Республика күні учаскелік полиция инспекторына жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жұмысы жалғасып жатыр. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында көктемде су тасқынынан зардап шеккендер жаңа баспананың кілтін алып жатыр.

9821b1a8-fbaa-46b3-99a8-4ba2e8690fa9

Оның бірқатары осыған дейін берілген болса, қалғаны мерекелер кезінде табысталып отыр. 25 қазан Республика күнінде Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Өлеңті ауылының учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Данияр Бақытжановқа жаңа тұрғын үйдің кілтін табыс етті. Бұл туралы БҚО ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Данияр Бақытжанов ішкі істер органдарында 2023 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет етіп келеді.

7d27fdd8-8c86-4ca7-80dc-76d7b83df5de

Бейбіт күннің өзінде түрлі қылмыстың алдын алып, қара басын қауіп-қатерге тігіп жүретін полиция қызметкерлеріне пәтер кілтінің табысталуы еңбектің еленгені деп айтуға болады.

Ауыл тұрғындары Үкімет басындағыларға берген көмегі, салып берген су жаңа баспаналары үшін алғыстарын жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале