12.02.2025, 22:00
Оқылды: 298

БҚО-да резервшілермен мотивациялық кездесу өтті

Мемлекет басшысымен мемлекеттік қызметке білімді, білікті, көкірегі ояу, отан сүйгіштік қасиеті бар жастарға аса назар аударылып, жоғары кәсіби мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мәселесіне басымдылық берілуде.

WhatsApp Image 2025-02-12 at 12.23.42 (1)

2019 жылдан бастап дарынды, бастамашыл жаңаша ойлайтын жастарды мемлекеттік басқару ісіне тартуға бағытталған Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған болатын.
Резервті қалыптастырудың негізгі міндеті – еліміздің дамуы үшін өзгерістер енгізгісі келетін, ортақ мүдделерді басшылыққа алатын «жаңа формацияның көшбасшыларын» іздеу.
Өткізілген іріктеу нәтижелері бойынша резервке 400 адам қабылданып, оның 315 жұмысқа орналастырылды.
2024 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен әрбір өңірде Өңірлік кадр резерві жобасы жүзеге асырылды.
Іріктеуге Батыс Қазақстан облысында 400 астам өтінім түсіп, іріктеудің бірнеше кезеңдерінен сәтті өткен 30 үміткер өңірлік кадр резервіне қойылды (республика бойынша резервке 505 азамат енгізілді).
Резервке алынған адамдар резервте екі жыл тұрады және жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен конкурс өткізілместен орналаса алады («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 15-бабы, 3-2 тармағы).
Департаментпен 9 резервшіге келісім берілді, оның ішінде, 5 резервші ілгерілетілді.
2025 жылдың 12 ақпаны Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзіреттерін арттыруға бағытталған резервшілермен мотивациялық кездесу ұйымдастырылды.
Шараға өңірлік кадр резервінің мүшелері Ж. Сұңғатов, Ж. Жусупова, Б. Сиражов қатысып, мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге резервке қатысудағы жеке тәжірибелерімен, алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

WhatsApp Image 2025-02-12 at 12.23.42
Департамент басшысы, Президенттік кадр резервінің мүшесі Мұрат Байсалов жастарға Президенттік кадр резерві көкіргі ояу, қабілетті, ынталы жастарға әлеуметтік лифт екенін, бұл жастарға беріліп отырған үлкен мүмкіндік екенін атап өтіп, биылғы Президенттік жастар кадр резервінің кезекті іріктеуіне қатысуға кеңес берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале