Оралда самбо күресінен 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер мен 2008-2009 жылы туған кіші жастағы жасөспірімдер арасында «Чемпиондар додасы» атауымен ашық қалааралық турнир басталды.
Бұл туралы Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз маманы Аружан Ержанқызы мәлімдеді.
«Жарысқа 14 команда қатысып жатыр. Ашылу салтанатына қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Райбек Меңдіғалиев, Ақтөбе облысының самбо күресінен аға жаттықтырушысы, ұлттық дәрежедегі төреші Серік Нұрғалиев және жарыстың бас төрешісі Жанаман Елешов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
24-25 желтоқсан күндері өңірдегі Ә.Әйтиев атындағы ОБЖСМ спорт залында жарыс қорытындыланады», - деді баспасөз маманы.
zhaikpress.kz