3.04.2020, 12:38
Оқылды: 23

БҚО-да санитарлық-эпидемиялық жұмыстар күшейтілген режимде жалғасуда

Бұл жайлы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн-брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтты.

B2A116B8-9F80-4D9D-967E-8EE6A25FD564

Бүгінгі таңда коронавирус жұқтырған екі науқастың жағдайы бірқалыпты. Екеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында тиісті ем алуда. Бұдан өзге біздің провизорлық госпитальде, соның ішінде "Кумыска" елдімекеніндегі госпитальде 57 адам, Бəйтерек ауданында орналасқан провизорлық стационарда 13 адам, «Ивушка» карантиндік госпиталінде 28 адам жатыр. Жағдайлары қалыпты, күнделікті медициналық бақылау жүргізілуде. БҚО бас санитариялық дəрігерінің коронавирус жұқпасының алдын алу туралы қаулысына сай күшейтілген режимде санитарлық-эпидемиялық жұмыстар жалғасуда,- деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Гүлмира Сәрсенғалиева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале