23.02.2023, 17:15
Оқылды: 60

БҚО-да сегіз заңсыз мигрант ұсталды

БҚО-да  полиция қызметкерлері сегіз заңсыз мигрантты ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олар "Мигрант" жедел алдын алу шарасы барысында анықталды.

576a2979-bbc1-4923-b0e4-8171150def3b
22 ақпанда Ақсай қаласындағы жеке үйлердің бірінде тіркелмеген және визасы жоқ сегіз Түркия азаматы анықталды.

Шетелдіктер өздерінің бұрынғы жерлесіне қонаққа келгендерін түсіндірді.

Жол берілген бұзушылық үшін барлық азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігіне сай әкімшілік хаттама толтырылды (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы).

Әкімшілік материалға қатысты шешімді Бөрлі ауданының әкімшілік соты қабылдайды. Тұрғын үй берген қабылдаушы тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале