Батыс Қазақстан облысында «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325-Резолюциясын іске асыру: әйелдердің көшбасшылығы және дағдарыс жағдайлары мен қақтығыстарды алдын алу, реттеу, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесіне қатысуы» семинар-тренингі өтті.

Семинар-тренинг Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер және отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссия мен Қазақстандағы «ООН-Әйелдер» құрылымының қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстандағы дағдарыс жағдайларын және дауларды, соның ішінде су тасқыны мен сейсмикалық қауіп аймақтарын алдын алу және реттеу барысында гендерлік теңдікті нығайту, сондай-ақ әйелдердің шешім қабылдау, медиация және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестеріне қатысуын арттыру болып табылады. Бұл мақсаттар ООН Қауіпсіздік Кеңесінің 1325-резолюциясының негізгі принциптеріне сәйкес жүзеге асырылды.
Семинардың модераторлары ретінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер және отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары - Тарасенко Елена Ивановна және гендер мәселелері бойынша ұлттық сарапшы, «Отбасы табысы орталығы» қоғамдық қорының директоры - Бекишева Роза Мұхамедьярқызы сөз сөйледі.

Іс-шараға шамамен 300 қатысушы қатысты. Семинар-тренингтің форматы аймақтық және облыстық әкімдіктердің басшылары, құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар қызметі, азаматтық қорғаныс, прокуратура, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, отбасы қолдау орталықтары, қоғамдық қайраткерлер және басқа да өкілдердің интерактивті жұмысын қамтыды. Кейін осыған ұқсас талқылау Теректі ауданында аудан әкімінің және уәкілетті органдардың қатысуымен жалғасты.

Сонымен қатар, жұмыс аудандық аурухана, Терек ауылының мұражайы, Орал қаласындағы отбасы қолдау орталығы және облыстық реабилитация мен абилитация орталығы сынды әлеуметтік нысандарда да жүргізілді.

Гендерлік теңдік қағидаттарын нығайту, әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздік процесіне қатысуын арттыру және дағдарыс жағдайларын тиімді басқаруға бағытталған семинар барысында бірнеше конструктивті ұсыныстар мен нақты ұсынымдар жасалды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі