Шекара қызметі БҚО бойынша департаменті «Сырым» өткізу бекетінде қолдан жасалған 4 мың дана пышақты тасымалдаудың жолын кесті, деп жазады KAZINFORM.

Сурет: kaz.inform.kz
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш тауар аса ірі көлемде болған.
— Пышақтар ілеспе құжаттарсыз тасымалданып, басқа жүктердің арасына жасырылған. Тәркіленген тауар БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне берілді, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 4 323 адам жауапқа тартылғанын жазған едік.
Сондай-ақ БҚО-да монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін «Aqjaiyq» ӘКК-ға айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.