Бәйтерек ауданы Дариян ауылында бесінші сынып оқушысы кешке қарай үйінен сиырдың алдынан шығу үшін шығып кетіп, содан кері оралмады. 12 жасар бала өзімен бірге телефонын да алмағаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баланы іздестіруге Приурал полиция бөлімінің жеке құрамы, шекарашылар және Дариян ауылының өрт сөндірушілерінен тұратын оншақты адам жұмылдырылды, деп жазады "Мой город" порталы.
«Ата-анасы өздігінен таба алмаған соң, таңғы сағат 04.00-де полицияға баласын іздеуді сұрап, көмекке жүгінді. Бұрын бала үйінен кетпеген. Баланы полиция қызметкерлері таңғы сағат 05.00-де тапты. Ол өз қорасындағы шөпке оранып ұйықтап қалған», деді полициядағылар.