8.12.2023, 20:00
Оқылды: 42

БҚО-да скарлатина ауруынан төрт жасар қыз бала қайтыс болды

Тасқала ауданында төрт жасар қыз баланың скарлатинамен ауырғаны рас. Бірақ скарлатина бүлдіршін өлімінің нақты себебі болмауы да мүмкін. Өлімнің нақты себебі зерттеу нәтижелерінен кейін белгілі болады,- деп хабарлады БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

655f22efbead8001457845Фото дереккөзі: azattyq-ruhy.kz

Бүгінгі күні скарлатина ауруы Тасқала ауданында тіркеліп отыр. Скарлатинамен ауырған алты бала да осы Тасқала ауданынан.

- Тасқала ауданы бойынша алты бала скарлатина ауруымен тіркелді. Екі бала облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, екі бала Тасқала аудандық ауруханасында ем алуда. Бір бала тәуір болды. Бір бала қайтты. Қазіргі уақытта өлімнің себебі анықталып жатыр,- делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хабарламасында.

- Жалпы жыл басынан бері скарлатинамен 708 адам ауырған. Оның ішінде 653 жағдай 14 жасқа толмаған балалар арасында тіркеліп отыр,- деп мәлімдеді БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депратаментінің баспасөз қызметі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале