2023 жылдан бері құны Орал жерасты су көзінде 6 жаңа ұңғыма бұрғыланып, су өндіру көлемі тәулігіне 40 мың текше метрге дейін артты. Сондай-ақ, 2025 жылы диаметрі 1000 мм су құбыры мен Орал жерасты су көздерін реконструкциялау жұмыстары басталды. Бұған дейін реконструкция жүргізілмеген төрт кәріздік сорғы станциясын жаңғырту нәтижесінде 320 мың тұрғын сенімді кәріз жүйесімен қамтылды.

«Жыл соңына 2,3 млрд теңгені құрайтын тағы екі кәріздік сорғы станцияларының реконструкциясы аяқталып, 90 мыңнан астам абонент тұрақты су бұру жүйесіне қосылады», - деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, №5 жылу магистралі толықтай 3,2 км жаңғыртылып, 60 мың тұрғынның тұрақты жылумен қамтылуына мүмкіндік жасалды. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы 10,2 млрд теңгеге №2 жылу магистралі жаңғыртылып, жаңа екі қазандық іске қосылды. Электр желілері саласында 13 млрд теңгеге 12 жоба жүзеге асырылып, 6 мың шақырымға жуық тозған желілер жаңартылды.
Екі жаңа қосалқы станция салынды. 2023–2024 жылдары аралығында 10 мыңға жуық тұрғыны бар 72 елді мекен таза ауыз сумен қамтылды. Жыл соңына дейін тағы 55 елді мекенге ауыз су жеткізіледі. 28 ауылға газ тартылып, 3,7 мың тұрғын алғаш рет көгілдір отынның игілігін көрді. Бүгінде облыстың газбен қамтылуы 100%-ға жетті.