14.03.2018, 11:30
Оқылды: 57

БҚО-да су тасқыны болу қаупі бар (ВИДЕО)

            Бұл жайлы БҚО әкімі Алтай Көлгінов айтты. Қазір Оралда коммуналдық мекемелер күндіз-түні қаладан қар шығаруда. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген облыс әкімі әр азаматты өз ауласындағы қарды шығаруға шақырды.  


 

-Жағдай тұрақты, бірақ қауіп бар. Оны жасырудың қажеті жоқ. Себебі біздің облыста қаңтар, ақпан айында қар онша көп жауған жоқ. Ақпан айының соңғы он күндігі мен наурыз айында қар өте көп жауды. Жердің тоңы өткен жылдан көп. Сондықтан қауіп бар. Қазір тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізілуде.

Ең бастысы – өзендердегі қауіпті жерлерде мұзды кесіп жатырмыз. Бұрынғыдай динамитпен жармаймыз, ол экологияға зиян.  Мұз тұрып қалады деген жерлердің бәрі босатылуда. Екіншіден, ауылдық жерлерде қарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Күні кеше 200 мың текше метр қар шығарылды. Бұл әлі аз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Әр азамат өз ауласында қарды шығарсын. Ал көшедегі қарды біз тазалаймыз. Наурыз мерекесінен кейін күннің күрт жылуы күтілуде. Жаңбыр жаууы ықтимал. Сонда судың деңгейі көтеріліп кетуі мүмкін. Себебі жерде тоң бар. Соның алдын алуға бар күшімізді саламыз. Коммуналдық мекемелер күндіз-түні жұмыс жасауда. Тасқала, Зеленов, Теректі аудандарында қар қалың. Орал қаласының жеке секторларында қар көп. Соны шығару керек. Қаланың орталығы қардан тазаланды.  Алда тағы қар жауады деген болжам бар. Әлі көп жұмыс жасалуы керек,-дейді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

 Нұрлыбек Рахманов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале