8.04.2024, 15:29
Оқылды: 25

БҚО-да су тасқыны кезінде 2227 бас ірі қара малы қауіпсіз жерге көшірілді

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Рүстем Зулкашев айтты.

су дрон самал (14)

Оның айтуынша, су тасқыны кезінде 2 227 бас ірі қара малы мен  2482 бас қой-ешкі, 52 бас жылқы мен бір түйе қауіпсіз жерге көшірілген.

Өкінішке орай биылғы су тасқынында мал шығыны тіркеліп отыр.

Су тасқыны салдарынан 219 бас ірі қара, 1552 бас қой-ешкі, 54 жылқы, 97 шошқа, 119 үй құстарының шығыны тіркелді. Аудандарда мал шығынын есептеу бойынша комиссия әлі де жұмыстанып жатыр деді Рүстем Зулкашев.

Осы мал өлекселерінен адамдарға ауру тарамас үшін бүгінде мал дәрігерлері оларды өртеп, тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқаны да айтылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале