26.03.2024, 17:39
Оқылды: 9

БҚО-да су тасқынына қарсы күреске 732 адам жұмылдырылған

Батыс Қазақстан облысы бойынша тәулік ішінде еріген қар суын соруды сұраған 701 өтінім түскен. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Су таскыны 2024

Фотоға түсірген: Жанат Көшкінбай

Департаменттің сағат 17:00-де дайындаған мәліметіне сүйенсек, төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдар 609 өтінімді орындап үлгерген. Әлі 92 өтінім бақылауда тұр.

Бұл жұмысқа 732 адам, 190 бірлік техника, 136 мотопомпа жұмылдырылған.
Тәулігіне барлығы 96 890 метр куб еріген қар суы сорылған.
Аудандық маңызы бар автожолдардың ішінде бес жерде су жолды шайып өткен.
Барлық су басуы мүмкін орында кезекшілік ұйымдастырылған.

Облыс бойынша барлығы 2 940 дана қап салынған. Оның ішінде Оралда – 2000, Қаратөбе ауданында – 600, Сырым ауданында – 300, Теректі ауданында – 40 дана қап салынған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале