Бүгін су тасқыны кезеңінде тұрғын үйлерді қар суы басуын болдырмау мақсатында кезекті сенбілік өткізілді.
Сенбілікке облыс әкімі бастаған ұжым, облыстық мәслихат, төтенше жағдайлар департаменті және басқа да мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер, қоғам белсенділері қатысты. Сенбілік барысында қар шығару жұмыстары, арық, канал, су өткізу құбырлары тазаланды.
Сонымен бірге, Деркөл және Шаған өзенінде мұз кептелісін болдырмауға бағытталған мұз кесу, саяжай алқаптарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, осал топтағы тұрғындардың аула аумақтарында қар шығарылды. Аталған шаралар одан әрі жалғасатын болады.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі