31.03.2024, 18:00
Оқылды: 57

БҚО-да су тасқынына қарсы жұмысқа 703 полиция қызметкері мен 97 қызметтік техника жұмылдырылды

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында және облыстың 5 ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі. 

2

Қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның көп түсуі нәтижесінде еріген және жаңбыр сулары, сондай-ақ кәріз ағындары нәтижесінде барлығы 384 тұрғын үй, 5 жертөле орындары, 17 әлеуметтік нысан су астында қалды.

Қазіргі уақытта Казталов ауданының 2 елді мекеніне, Теректі ауданының Подстепный ауылына және қала маңындағы 3 саяжай қоғамының суға кету қаупі бар.

Қазіргі уақытта тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жүзеге асырылуда. 2 563 адам эвакуацияланды, оның 554-і эвакуация бекетіне орналастырылып, ал 2009 адам туысқандарына жіберілді. Эвакуацияланған 38 ауыл тұрғынынан уақытша сақтаудағы 47 бірлік азаматтық қару тәркіленді.

1

Аудандарда полиция қызметкерлері тарапынан эвакуацияланған елді мекендердегі азаматтардың мүлкін қорғау үшін тәуліктік кезекшіліктер орнатып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жергілікті әкімдіктер, полиция және төтенше жағдайлар органдары су басқан нысандарды сорып алу және адамдарды құтқару бойынша жан-жақты шара қолдануда.

Облысымызда 30 автожолды, оның ішінде 3 облыстық және 16 жергілікті маңызы бар автожолды су басты.  Республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс тоқтатылды. Сондай-ақ транспорттық логистика штаттық режимде жұмыс атқарып жатыр.

Салдарынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен стационарлық бекеттер орнатылды.

Жалпы су тасқынынан қорғау жұмыстарына 703  мен 97 қызметтік техника жұмылдырған. Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар департамент басшылығының тікелей бақылауында. Жұмыс жалғасуда.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале