20.08.2024, 20:14
Оқылды: 240

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тағы 50 тұрғын баспаналы болды

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын.

Көктемгі су тасқыны салдарынан баспанасы жарамсыз деп танылған Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстёпное ауылының 50 тұрғыны баспаналы болды. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

IMG-20240820-WA0061

Жаңа үйлер демеушілер қаржысына салынды.

IMG-20240820-WA0063

Тұрғын үйлердің кілттерін табыстау рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, қоныс иелерін құттықтады.

IMG-20240820-WA0062

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға заң аясында тиісті көмектер көрсетілуде.

Бүгінде Теректі ауданында салынып жатқан 130 үйдің 50-нің құрылысы аяқталды. Қалған 80 үйді қыркүйек айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстарына қолдау білдірген демеушілерге және компанияларға шынайы алғысымды алғысымды білдіремін»,- деді өңір басшысы.

IMG-20240820-WA0059

Бұдан бөлек, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін БҚО-ның Теректі ауданында 30 үй сатып алынып, 395 отбасының баспанасына жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

IMG-20240820-WA0064

Теректі ауданы Подстепное ауылының тұрғыны Лаура Нысанованың үйі су тасқыны кезінде жарамсыз деп танылды. Бүгін ол жанұясымен бірге қоныстойын тойлап жатыр.

«Наурыз айының соңында үйімізді су басты. Бір қиындықтың артында жеңілдік тұрады деген шын сөз екен. Бүгін баспаналы болып отырмыз. Жарық, кең 3 бөлмелі, үлкен, барлық жағдайы жасалған үйге қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Осындай жағдай жасаған Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін», - деді Лаура Нысанова.

IMG-20240820-WA0066

IMG-20240820-WA0065

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале