13.05.2024, 22:00
Оқылды: 45

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек беру жалғасуда

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 6679 отбасыға 2,4 млрд теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Тұрғындардан түскен өтініштер негізінде төлемдерді төлеу жалғасуда, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

ЖП ақша

Қазіргі уақытта облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тапсырмасы аясында Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарының шығынын есептеу және материалдық көмек төлеу жөніндегі арнайы комиссия штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Комиссия тексеру актілері аясында суы кеткен саяжайларды қарауда. Кезең-кезеңімен барлық саяжайлар техникалық зерттеуден өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өткенде саяжай тұрғындары орналасқан Орал қаласындағы эвакуациялық пункттерге барып, сондай-ақ, облыс орталығында саяжай тұрғындармен кездескен болатын.

Атап өтерлігі, осыған дейін тұрақты негізде саяжай тұрғындарымен кездесулер өткізілді, алдағы уақытта да түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале