17.02.2017, 12:21
Оқылды: 23

БҚО-да суармалы алқаптар саны артпақ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өз есебінде осылай деп мәлімдеді.


- Алдағы 5 жылда 145 мың гектар жерді суармалы ету жоспарымызда бар. Өткен жылы бұл сала бойынша жүйелі жұмыстар атқарылды. Сырым ауданындағы 2 мың гектар жерді қамтитын Өлеңті лиман жүйесін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұл жобаны биыл аяқтау жоспарымызда бар. Тоғанас ауылындағы Шолақ-Аңқаты су қоймасы жөнделуде.

Теректі ауданында Жайық-Шалқар арнасы (42 км), Ақжайықта Солянка-Азынабай-Тайпақ (65 км) және Азынабай-Тайпақ лиманды суару жүйесін қалпына келтіру жоспарлануда. Жәнібек ауданындағы Әбділман, Соркөл (1,8га 409 млн.теңге) лиманды суару жүйелерін қалпына келтіруге құжаттар әзірленді.

Басымдық беріліп отырған жобалардың бірі – Киров-Шежін арнасын (180 км) қалпына келтіру. Бұл жоба 4 ауданның территориясының жайылымдық жерлерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Биыл екінші кезеңін толықтай аяқтауды жоспарлап отырмыз,- деді өңір басшысы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале