11.07.2022, 21:42
Оқылды: 48

БҚО-да суға батып бара жатқан екі адам құтқарылды

Бүгін БҚО төтенше жағдайлар департаменті Жайық өзенінде рейд жүргізді.

IMG-20220711-WA0178
Рейд барысында төтеншеліктер Жайық өзенінің Мәңгілік алау ауданындағы бағытында батып бара жатқан БҚО-ның екі тұрғынын құтқарды. Оқиға кешкі сағат 18.45-те тіркелді.
Айта кетейік, олар суға түсуге рұқсат етілмеген, арнайы жабдықталмаған жерде шомылған.
Олар 1979 жылы туған әйел және оның 2009 жылы туған қызы.

Департаменттің баспасөз қызметі мәлімдегендей, анасы мен қызы Теректі ауданының тұрғындары.

Төтеншеліктер оларға алғашқы көмек көрсетіп, кейін нөмірі 15-ші жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

Тағы бір айта кетерлігі, жыл басталғалы БҚО-да суға батып бара жатқан 12 адам құтқарылса, оның ішінде 9-ы бала. Ал өкінішке орай  8 адам суға кетіп, ажал құшқан.  Оның ішінде 3-еуі бала.

БҚО ТЖД суға түсу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

- арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылыңыз;
- бейтаныс жерлерде сүңгуге болмайды;
- қалқымадан ары жүзбеңіз;
- кеме жолына жүзбеңіз және кемелерге жақындамаңыз;
- суда ойындар ұйымдастырмаңыз;
- үрлемелі матрастарда немесе камераларда жүзбеңіз;
- ақауы бар жүзу құралдарын пайдаланбаңыз;
- мас күйде шомылмаңыз;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- 12 жасқа дейінгі балалардың шомылуына тек ересектердің қарауымен және олардың қадағалауымен рұқсат етіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале