17.02.2017, 16:08
Оқылды: 60

БҚО-да тағы бір емхана ашылады

Бұл жайында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өңір тұрғындары алдындағы есебінде айтты.


- Облыстық аурухана жаңа ғимаратқа көшті. Бұрынғы ғимаратында Орал қалалық №7 емхана ашылады. 2017 жылы денсаулық сақтау саласындағы 20 мекеме жөндеуден өтеді.

Сонымен қатар облыстың 3 ауданында (Ақжайық, Бөрлі, Зеленов) электронды кезек жүйесін енгізбекпіз. Айта кетейін, қазіргі күні 36 денсаулық сақтау мекемесінде медициналық ақпараттық жүйелер және бірыңғай Call-center жұмыс істей бастады.

Жедел-жәрдем стансасында болғанымызда көлік жетіспейтіндігі туралы айтылған болатын. 2016 денсаулық сақтау саласына 56 көлік, сонымен қатар жергілікті полиция қызметіне 50 машина сатып алынды. Ал биыл 100 жедел жәрдем көлігі алатын боламыз, - деді өз сөзінде өңір басшысы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале