17.11.2020, 21:44
Оқылды: 35

БҚО-да тағы бір тұрғынның құлдықта болғаны анықталды

Батыс Қазақстан облысында тағы бір тұрғынның құлдықта ұсталғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

EF3C9A66-AF59-4BD1-97BB-751903F139F1

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлім еткендей, оқиға «Стоп трафик» жедел алдын алу шарасы барысында белгілі болған. Сырым ауданында шаруа қожалығының басшысы биылғы мамыр мен қыркүйек аралығында қыстақтардың бірінде 57 жастағы тұрғынды өз еркінен тыс, заңсыз ұстаған. Атап айтқанда, малын бақтырған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 126-бабына (бас бостандығынан заңсыз айыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қожалық басшысының 3 адамды құлдықта ұстап, малын бақтырғанын жазған болатын.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале