27.03.2025, 10:15
Оқылды: 207

БҚО-да тасқын қаупі толық сейілді

Өзен-көлдердің деңгейі төмендеді. Жайықпен келетін судың көлемі былтырғыдан 4 есе аз. Қазір өңірде бүлінген жолдар жөнделіп, үзілген қатынас қалпына келтіріліп жатыр, - деп жазады 24.kz

су дрон самал (12)

Сурет: сайт архивінен

Батыс Қазақстан облысындағы былтырғы алапат су тасқыны елдің есінде. Төрт аудан мен Оралда мыңдаған үй суға кетті. Жүздеген млрд теңге шығын келді. Биыл да табиғи апат қайталануы мүмкін деген болжам жауапты мекеме басшыларына күндіз күлкі, түнде ұйқы бермеді.

Осы мерзімде облыста 147 шақырымнан астам қорғаныс бөгеттері салынды. 93 километр арық қазылды. Жаңадан 7 гидробекет орнатылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале