13.05.2025, 11:00
Оқылды: 362

БҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында кезекті тазалық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара Зачаганск кенті аумағында өтті, оған 100-ге жуық адам қатысты. Олар арасында еріктілер, студенттер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қала тұрғындары болды.

WhatsApp Image 2025-05-13 at 11.24.52

Акцияның басты мақсаты — қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, елді мекендерді абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шараның маңыздылығын атап өткен «Жастар Рухы» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Архат Жұбайұлы: «Экологиялық “Таза Қазақстан” акциясы — бұл қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сананы қалыптастыру және елді мекендерді абаттандыруға бағытталған республикалық деңгейдегі бастама. Бұл акция ел тұрғындарын табиғатты сақтауға, экологиялық мәселелерге бей-жай қарамауға шақырады», — деп атап өтті.

57c0faec-8f1a-481d-a927-ab1275aed203

Акция барысында қатысушылар тек тазалық жұмыстарымен ғана шектелмей, ағаш отырғызу, гүлдер егу сияқты экологиялық жұмыстарды да атқарды. Сонымен қатар, жасалған жұмыстардың қорытындысы бойынша қалалық аумақты көгалдандыруға қатысты жоспарлар мен болашақта жүзеге асырылатын шаралар талқыланды.

4af402d1-633b-4570-b361-c7102305b17a

Акцияны ұйымдастырушылар қалалық экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты қорғауға қатысты ауқымды жұмыстардың жалғасатынын мәлімдеді. Оларға қала тұрғындарын экологиялық шараларға қатысуға шақыруды ұмытпағаны да айта кеткен жөн. Бұл бастама — «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында өтіп жатқан іс-шаралардың бірі ғана.

                                                                                                                                                  БҚО Қоғамдық даму басқармасы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале