6.06.2024, 19:00
Оқылды: 60

БҚО-да «Таза Qazaqstan» республикалық акциясы аясында 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды 

Мемлекет басшысының "Таза Qazaqstan" жалпыұлттық науқаны бастамасын қолдау мақсатында республиканың барлық өңірінде 6 маусымнан бастап «AMANAT» партиясының "Таза бейсенбі" акциясы бастау алды. "Таза бейсенбі" акциясы "Таза Қазақстан" жобасы шеңберінде жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін, Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болары сөзсіз.

IMG-20240606-WA0061

Акция елді мекендер аумағын қоқыстан тазартуға бағытталған. Атап өту керек, "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы аясында барлық өңірлерде алдын-ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары жасалды. Әр бейсенбіде партияластар, белсенділер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері осы аумақтарды қоқыстардан тазартуға шығады. Кейіннен әрбір ластанған учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен аудандық филиалдары бекітілетін болады, олар ай сайын бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді.

IMG-20240606-WA0064

Сондай-ақ урналарды орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен тротуарларды жөндеу сияқты инфрақұрылымды абаттандыру мен дамытуға байланысты мәселелерді шешеді. Үнемі тазалық пен тәртіпті сақтау жобаның барлық қатысушыларының қоршаған ортаға жауапкершілікпен және саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналады.

IMG-20240606-WA0065 IMG-20240606-WA0066

Осылайша, бұл акция ресми және бір реттік емес, тұрақты және жалпыұлттық түрде өтіп тұрады, ал әр аптаның бейсенбісі тазалық күні болады. Бұл акция жаңа экологиялық ойлауды, халықтың экологиялық мәдениеті мен мінез-құлқын құруды, жаңа экологиялық әдеттердің пайда болуын бастауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастыруды және оны сақтаудың маңыздылығын түсінуді қамтиды.

IMG-20240606-WA0063

Акцияға Батыс Қазақстан облысы да тыс қалмай, атсалысуда. Бүгін "AMANAT" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Таганиязов, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, партия ардагері Сабыр Самиев, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, партия қызметкерлері, аудандық "Жастар Рухы" ЖҚ белсенділері, бастауыш партия ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. 150-ден астам акцияға қатысушылар Шыңғырлау аудандық паркті қоқыстан тазартты. Нәтижесінде, 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале