15.04.2025, 15:00
Оқылды: 196

БҚО-да «ТазаҚазақстан» акциясы аясында кезекті экологиялық шара өтті

Орал қаласында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және аумақтарды абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Акция Ғабдолла Тоқайға арналған ескерткіштің маңында өткізіліп, іс-шараға еріктілер, студенттер, түрлі ұйым өкілдері, жалпы 70-ке жуық адам қатысты. 

fab609ba3e8c87ea6719a1b135e28ac4_1280x720

Сурет: gov.kz

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы — бұл жай ғана тазалау емес, салауатты экологиялық сананы қалыптастыруға жасалған қадам. Ұйымдастырылған қайырымдылық бастамаға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, еріктілер, қоғам белсенділері мен жастар белсенділері қатысты. Осы сәтті пайдалана отырып, қала тұрғындарын, жастарды осындай акцияларға қатысуға шақырамыз, өйткені біздің қолымызда қаланың гүлденуі мен абаттандырылуы бар», — деп Дулат Жүсіпқалиев, Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы атап өтті.

Ағымдағы жылы санитарлық жұмыстарға 8154 астам тұрғын және 782 мекеме мен кәсіпорын қатысты. Акция аясында 4893 аула, оның ішінде 233 көпқабатты үйдің аумағы және 4660 жеке тұрғын үйдің аумағы жиналды.

Сондай-ақ, 120 саябақ пен скверді абаттандыру жұмыстары жүргізілді,  263 мыңнан астам ағаш көшеттері, 31 бұта отырғызылды, 7 астам тротуар плиталары жөнделді. 375 әлеуметтік нысанның аумағы мен 63 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы тазартылды.

Экологиялық іс-шараларды өткізу үшін 634 бірлік техника жұмылдырылды, соның арқасында 1139 тонна қоқыс шығарылды. Бұдан басқа, "Ғарыш сапары"АҚ анықтаған 192 заңсыз қоқыс үйінділерінің 158-і жойылып, қалған 34 қоқыс үйіндісін жою жұмыстары жалғасуда.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале