БҚО-да тергеу изоляторына телефон өткізбек болған азамат ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сурет: Polisia.kz
Батыс Қазақстан облысында 23 жастағы азамат тергеу изоляторында отырған танысына ұялы телефондарды заңсыз жолмен жеткізуге әрекет жасаған. Анықталғандай, ол үш дана смартфонды ыстық тағам салынған ыдыстың ішіне жасырып, сәлемдеме арқылы өткізбек болған. Алайда мекеменің режим бөлімінің қызметкерлері тексеру барысында жасырылған құрылғыларды дер кезінде анықтады. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, аталған дерек бойынша азаматқа қатысты тергеудегілер мен сотталғандарға тыйым салынған заттарды жеткізуге әрекет жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. №74 мекемесінің режим және күзет бөлімі азаматтарды белгіленген талаптарды сақтауға шақырады.