19.04.2019, 15:54
Оқылды: 37

БҚО-да төтеншеліктер өрт қаупі жоғары аудандарды әуеден барлады

Облыс аумағындағы далалық жерлер мен орман алқаптарының мониторингі өрт қауіпсіздігін болжауға көмектеседі. Облыс халқы мен аумағын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған бірқатар шараны жүргізуге мүмкіндік береді.

IMG20190418122701

Осы мақсатта Батыс Қазақстан облысында облыстық өртке қарсы штаб аймақтың өрт қауіпті учаскелеріне аэровизуалды барлау жасады. Тексеріс Тасқала, Ақжайық, Теректі, Бәйтерек ауданы және Орал қаласы аумақтарында жүргізілді.

БҚО ормандарында өрттің қауіпті маусымы 15 сәуір күні жарияланды. Соңғы мәліметтер бойынша, осы уақыт ішінде өңір аумағында 30 өрт оқиғасы тіркеліп, 684 га. алқап өртенген. Барлығы дер кезінде анықталып, сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда өрт көрсеткіші төмен. Орман өрті тұрақты бақылауда.

Өрттің негізгі себептері тұрғындардың абайсыз болуы және құрғақ шөптерді рұқсатсыз жағуы. 2018 жылы апта сайын демалыс күндері БҚО ТЖД аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері БҚО ІІД ЖПҚ-мен, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған жерлерде от жағу фактілерін анықтау үшін рейдтік іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде 486 мың 975 теңге айыппұл салынып, хаттама толтырды.

БҚО ТЖД зілзалалар қауіп-қатерін азайту және

азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы

IMG20190418124052 IMG20190418125326

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале