Биыл БҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 267 925 адамды қамтыған 449 шара өткен. «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Атамекен» кіші бағдарламасы арқылы 252 жоба демеушілер мен меценаттар тарапынан жасалған.
Ол жобалардың 223-і ауылдық округте, 20 жоба аудандық деңгейде, 9-ы қалалық жерде жүзеге асты. Жобаларды жүзеге асыруға 204 меценат (демеуші) қатысты.
Ірі жобаларды айта кетсек:
- Орал қаласындағы Еуразия даңғылында, Т.Масин көшесінде тынымбақтар және «Денсаулық саябағы» салынды. Жалпы соммасы – 112 млн.теңге.
- Қазталов ауданы, Әжібай ауылында ағайынды Сралиевтер отбасының демеушілігімен ауылға жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті салынды. Жоба құны - 15 млн. теңге. Пункте фельдшерлік, акушерлік, күндізгі ем алу, емшара қабылдау кабинеттері бар.
- Ақсай қаласында «Наурыз» саябағы салынды. Тұрғындардың әлеуметтік дамуын жақсарту, балалардың қауіпсіз алаңда ойынмен, спортпен шұғылдануына жағдай жасалды. Саябақ құрылысының жұмысын ұйымдастыруда арнайы «Наурыз саябағы» қоры құрылған болатын. Жоба құны - 28 млн. теңге.
- «Жайық самалы» бассейні алдында Street workoutпен айналысу үшін спорт алаңы ашылды. Жоба құны - 7 млн. теңге.
- Шыңғырлау ауданы, Белагор ауылында Утва өзені бойынан өтетін көпір салынды. Жоба құны – 7 млн. теңге.
- Теректі ауданында «Тақсай» ханшайымы кесенесі тұрғызылды. Жоба құны – 8 млн. теңге.
- Жәнібек ауданында Ғұмар Қараш кесенесі аудан тұрғындарымен тұрғызылды. Жоба құны – 8 млн. теңге.
Сондай-ақ, облыс орталығында ерекше мұқтаж адамдарға арналған үй құрылысы басталды. Мақсаты – өңірде сал ауруына шалдыққан, соның ішінде ерекше көмекті қажет ететін жандарға арналған сауықтыру, бейімдеу үйі қызметін қамтамасыз ету. Бұл жобаның құны – 200 млн. теңге.
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер