28.03.2017, 12:33
Оқылды: 48

БҚО-да тұрғындардың 75 пайызы мемлекеттік тілді біледі

makhambet 2  Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғали айтты.


  Оның айтуынша, қазір «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» екінші кезеңі аяқталғалы отыр.

  - Өңіріміздегі мемлекеттік мекемелерде іс жүргізу негізінен мемлекеттік тілде жүргізілгенімен, олардағы статистикалық және техникалық құжаттардың басым бөлігі  күні бүгінге дейін екі тілде жүргізіледі. Мемлекеттік мекемелердің құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 2014 жылдың қорытындысы бойынша 99,6 пайыз болса, 2015 жылда  бұл көрсеткіш 99,7%, 2016 жылдың  қорытындысы бойынша 99,8 пайызды құрады. Облыс бойынша мемлекеттік тілді білетін тұрғындардың үлесі бүгінгі таңда 75% құрайды.

   Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, Тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында 2014-2015 жылдары 78 объекті тексерілген. Өткен жылдардағы тексеріс барысында өрескел заң бұзушылықтарға жол берген Зеленов ауданының 12 мемлекеттік органын жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс берілген.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале