Оқиға өткен кеште Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған. Бұл туралы ҚР төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: t.me/qr_tjm/11105
Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін су тасқынына қарсы шараны өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланған.
Аудандық ауруханаға жеткізілгенде
кеуде аймағында екі рет пышақ сұғылып, жарақат алғаны анықталды.
Науқас дәрігерлердің бақылауында тұр. Полицияның мәліметінше, қасақана әрекет еткен күдікті ішімдік ішкен.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
zhaikpress.kz