30.01.2025, 14:30
Оқылды: 137

БҚО-да түзеу мекемесіне тыйым салынған заттардың енуіне тосқауыл қойылды

БҚО-да түзеу мекемесіне тыйым салынған заттардың енуіне тосқауыл қойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz. БҚО ҚАЖД-ға қарасты №28 түзеу мекемесінің қызметкерлері мен 5517 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қырағылық танытып, заңсыз әрекеттің жолын кесті.

inshot-20250130-130843358

Сурет: Polisia.kz

Тексеру кезінде бандерольдің ішіндегі темекі қорапшасына ерекше тәсілмен жасырылған "Трамадол" препаратының 95 таблеткасы анықталды. Есірткі мен психотроптық заттардың түзеу мекемелеріне өтуі – қауіпті құбылыс. Бұл тәуелділікке, заңсыз әрекеттерге және тәртіп бұзушылықтарға себеп болуы мүмкін. Сондықтан қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері бақылауды барынша күшейтіп, мекемеге келіп түсетін барлық сәлемдемелер мен бандерольдерді мұқият тексереді. Бұл жолы үйлесімді іс-қимылдың арқасында түзеу мекемесіне тыйым салынған заттың енуіне жол берілмеді. Ал заң бұзушылар қолданыстағы заңнама аясында жауапкершілікке тартылады. Оқиға қылмыстық-атқару жүйесіндегі бақылау шараларын одан әрі жетілдіру қажеттігін көрсетіп отыр. Бас бостандығынан айыру орындарында есірткі заттарының заңсыз айналымына тосқауыл қою – қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің басты міндеттерінің бірі. Мұндай деректер олардың жоғары кәсібилігін, қырағылығын және қызметтік борышына адалдығын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале