«Қарасора-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Бәйтерек ауданының 59 жастағы тұрғынының үйіне тінту жүргізді.

Тінту барысында сұр-жасыл түсті өзіне тән иісі бар «қарасора» тұқымына жататын өсімдікке ұқсас екі түп табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар үй ауласынан диодты жарықпен, желдеткішпен, электр қуатын беруге арналған таймермен жабдықталған және қабырғасы қапталған фитозертхана табылды.

Бөлмені тексеру кезінде тәртіп сақшылары сұр-жасыл түсті өсімдік тектес жемістері (түйнектері) бар бір үлкен қорап, сондай-ақ жапырақтары мен бұталары салынған екі үлкен полиэтилен қапты тәркіледі. Бұл заттар «қарасора» тұқымдас өсімдіктер болуы мүмкін.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.