29.01.2025, 21:00
Оқылды: 93

БҚО-да ТЖД облыс тұрғындарын су тасқынына қарсы жұмыла әрекет етуге шақырды

Былтырғы тасқын облысымыз үшін зор сынақ болды. Су тасыған кезде Орал қаласы маңындағы ауылдар мен саяжайдың тұрғындары тек құжаттары мен азын-аулақ киімін ғана алып үлгерген еді. Үйлері түгелдей дерлік су астында қалды. Тасқынның салдары жойылып, саяжай тұрғындары жаңа баспанаға ие болып жатқанын жарыса жазған едік. Облыста ірілі-ұсақты 200-ден астам өзен барын ескерсек, көктемгі су тасқынының қаупін биыл да жоққа шығара алмаймыз. Тілсіз жау айтып келмейді. Жылдағы дәстүр бойынша ақ боран ұйытқып тұратын қаңтарда бір аптадан бері ауа температурасы +1*-ді көрсетіп, облыс аумағында қар күрт ери бастады, деп хабарлайды БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

СУ ОРАЛ 2024

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін облыс тұрғындары әсіресе, көктем мезгілінде тасқынға сақадай сай болуы керек. Тұрғын үй маңайындағы үйілген қарды ауладан уақтылы сыртқа шығармау, арық жүйесінің қар суына толып, арықтың арнасынан асуы және мөлшерден тыс жауған жаңбыр тасқын суға әкеледі. Сондықтан төтеншеліктер Орал қаласы аумағындағы тұрғын үйлерді аралап, су алу қаупінің алдын алу жұмыстарына кірісіп кетті.

Еріген су тасқыны жағдайларын болдырмау мақсатында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарынан су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізуді сұрайды, атап айтқанда:

- Аула аумағында жиналған қарды шығаруды ұйымдастыру;

- Су сору жұмыстарын жүргізу;

- Үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың шатырларын қар мен мұздан тазарту;

- Жеке пәтерлердің, адамдар көп жиналатын нысандардағы, білім беру және мектепке дейінгі мекемелердегі мұз құлауы мүмкін жерлерге ескерту белгілерін, ленталарды орнату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қажет.

- Су тасу қаупі туындаған жағдайда 112 жедел желісіне хабарласып, көмек шақыру керек.

                                      

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале