9.05.2025, 16:20
Оқылды: 524

БҚО-да Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл қантөгіс – Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толып отыр.
9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы «Жеңіс» алаңына барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Бүл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

c828528d-0967-4484-a49a-43cc69ec219a

Тағылымды шараға еңбек ардагерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері мен жастар қатысты.

9566f319-9b50-4b0a-baf8-e285830f78cb

Жиналған қауым от пен оқтың ортасында Отан үшін жанын шүберекке түйіп, ерлік көрсеткен батырларды үнсіз еске алып, гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

7a38e04f-c337-4415-92ec-0f183172b1bd

15b17558-4020-42c7-98ea-601e0321b723

Гүл қою рәсімінен соң, облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласында тұратын соғыс және тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

d8adcbe2-8a3a-4344-a8ee-7abd8c7713a2

Әкім соғыс ардагерлері – Вениамин Скаленко мен Иван Гапичке мерейтойлық медаль мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын табыс етті. Сонымен қатар, өңір басшысы тыл ардагері Ақбай Жайсаңға да құрмет көрсетіп, Жеңіс күнімен және туған күнімен құттықтады.

be522a3a-d68d-4cc2-91aa-a3544a16034c

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының 9 ардагері ғана қалды. Олар – бейбіт өмір мен Тәуелсіздіктің жарқын таңы үшін жан аямай күрескен ерлер. Ер есімі – ел есінде!

 

photo-output

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале