22.12.2023, 12:15
Оқылды: 60

БҚО-да үздік кәсіпкерлер марапатталды

Бүгін облыста «Парыз», «Алтын сапа», «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауларының және «Іскер», «Проектный менеджмент» байқауларының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Оған қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев аймақтағы кәсіпкерлік саласына тоқталып, үздіктерді құттықтады.

InShot_20231222_114023037

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесіне баса мән бере отырып, оған қолдау көрсетудің бірыңғай кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Осы бағытта елімізде кәсіпкерлік саласы жыл өткен сайын қарқын алып, бизнесті өркендету үшін нақты іс-шаралар қабылданып жатқаны белгілі. Облысымызда да кәсіпкерліктің дамуына барынша қолайлы жағдай жасалуда. Мәселен, шағын және орта бизнесті дамытуға биыл өңірімізде 21,6 млрд. теңге бөлініп, 3 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді. Нақтылап айтқанда, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі Ұлттық жоба аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдендіру бойынша 7,4 млрд. теңге, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 6,4 млрд. теңге, жас кәсіпкерлерлерге шағын несиелер 1,2 млрд. теңге, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар (400 АЕК - 1 380 мың теңге) 558,9 млн. теңге және агроөнеркәсіп кешендерінде сүт-тауарлық фермалар бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыруға 6,0 млрд. теңге бөлінді, - деді жиынды бастаған өңір басшысы.

InShot_20231222_113954244

Облыс әкімінің сөзінше, бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестен түсетін салық көлемін 105,0 млрд. теңгеге (9 ай) жеткізіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 28%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы өңірлік өнімде 33%-ды құраған.

InShot_20231222_114315374

Биыл мыңнан астам жұмыс орнын құру арқылы, жалпы құны 30 млрд теңгеге 45 жоба іске қосылды. Аталған шаралар өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға серпін бермек.

InShot_20231222_114446857

– Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес елімізде жыл сайын «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауы өткізіліп келеді. Осы ретте әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсетумен қатар ел нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қамтуда жәрдемдескен бизнес өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіремін! Әлеуметтік мәселелерді шешуде жеке кәсіпкерлікті ынталандыру, олардың ауқымды тәжірибелерін кеңінен насихаттау мақсатында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы да өткізіледі. Бұл конкурс арқылы табысқа жеткен кәсіпкерлерге құрмет көрсетіліп, әлеуметтік жауапкершілік танытқан, ел өміріне бейжай қарамаған кәсіпорынды атап өтеміз. Биыл да бұл іс-шара жалғасын тауып жатқанына қуаныштымын. Қазақстандық бизнесті дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын! Компанияның әлеуметтік жауапкершілігі – бизнес тарапынан жасалған қолдаудың көрінісі ғана емес, бұл еліміздің, соның ішінде өңіріміздің дамуына қосқан қомақты үлес деп түсінемін. Үздік кәсіпкерлер қоғам тарапынан қолдау тауып, ел-жұрттың құрметіне бөленуі тиіс, - деді құттықтауында.

Салтанатты жиында облыс әкімі «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауларының лауреаттарын марапаттады.

InShot_20231222_114406577

Атап айтқанда, «Қазақстанның үздік тауары» сыйлығы «Балзия» ЖШС компаниясына – директоры Балзия Евенееваға берілді. Ол нарыққа кондитерлік және аспаздық өнімдерді кең ассортиментте жеткізуші.

InShot_20231222_114623441

«Іскер» сыйлығы өңірдегі «Конденсат» АҚ компаниясына – директоры Нурия Муфтееваға табысталды. Компания соңғы жылдары «К5 экологиялық класты мотор отындарын өндіруге арналған зауыт құрылысының екінші кезегі» жобасын іске асыруда.

InShot_20231222_114226827

«Проектный менеджмент» байқауының «Жылдың үздік жобалары» және «Үздік экологиялық жоба» номинацияларымен «Конденсат» АҚ директоры Нурия Муфтеева мен «Орал сауда және өнеркәсіп компаниясы» ЖШС директоры Валерий Крылов марапатталды.

InShot_20231222_114140667

Сонымен бірге «Алтын сапа» республикалық байқауына қатысып, финалға дейін жеткен облыстың үздік кәсіпорындарына алғысхаттар берілді. Олардың қатарында «Орал кабель» ЖШС, «Стекло-Сервис» ЖШС, АО «Конденсат», «Zhuldyz» ЖК, «NURBERGEN Health Resort» ЖШС бар.

Гүлмира Сарсенғали
Суреттерге түсірген: Диас Закбаев
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале