26.11.2024, 15:15
Оқылды: 9

БҚО-да үздік педагогтер марапатталды

Өткен аптада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының БҚО филиалының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.

орлеу

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында заманауи инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін қолданудағы педагогикалық тәжірибені таратуды мақсат еткен байқауға облыстан 479 педагог қатысып, бақ сынады.

Байқау қорытындысында 12 аталым бойынша 102 педагог жеңімпаз атанып, оның ішінде бірінші орын иеленген 19 педагогтің жұмысы республикаға жолдама алды.

«Біздің мұғалімдер бұл байқауға үлкен қызығушылықпен қатысады. Қатысушы үміткерлердің саны жыл санап өсуде. Он екі бағыт бойынша өтеді. Негізінен  бұл байқаудың мақсаты – алдыңғы қатардағы озық идеялы мұғалімдердің жұмысын насихаттау», – дейді «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы БҚО филиалының директоры Софья Ізмұхамбетова.

Байқауда бақ сынаған мұғалімдер математикалық сауаттылық, цифрлық сауаттылық, медиа ақпараттық сауаттылық, тағы басқа бағыттар бойынша сынға түсті. Аталмыш байқаудың маңдайалды,  үздігі атанып, республикаға жолдама алған педагогтердің қатарында казталовтық педагог-зерттеуші Гүлайым Өтегенова,  қаратөбелік Перизат Кеңесова, бәйтеректік  Мұхтархан Айдынғалиев, Орал қалалық №41 мектеп-лицейінің мұғалімі Бибігүл Ғабдрахманова және басқалар бар.

Гүлжамал Жолдығали
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале