17.09.2024, 15:00
Оқылды: 199

БҚО-да ұзындығы 4,7 шақырым газ құбыры ауыстырылды

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы ұзындығы 4,7 шақырым газ құбырын ауыстырған. Ол үшін инвестициялық бағдарлама бойынша 457 млн теңгені игерген.

2BEDB75C-3696-4AA9-93DD-01AD923E41DB

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған бас­пасөз турында аталған мекеменің бөлім басшысы Ербол Хайруллин мәлім етті. 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі бес жылдық кезеңге бекітілген инвестициялық бағдарламада газбен жабдықтау жүйелерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету шаралары, энергия мен ресурстарды үнемдеу, облыс  тұтынушыларын газбен үз­діксіз қамту, газ шығынын азайту көзделген. 2024 жылға арналған бағдарламада «Ростоши-Тайпақ» жерасты газ құбырын ауыстыру жоспарланған. «Ростоши» АГТС-ынан ПК 1154,96-ға, одан ПК 1149,91-ге дейінгі учаскенің ұзындығы – 5,055 шақырым. Құны ҚҚС-сыз есептегенде – 636 млн теңге. Бұл жерде диаметрі 500 мм полиэтилен құбырларынан 0,6 Мпа дейін жұмыс қысымымен 2-санаттағы жоғары қысымды жерасты газ құбырының құрылысы жүруде.

7842D3C3-69A4-433E-A4EC-73BD01A21EC4

Облыс аумағы бойынша ұзындығы 349 шақырым «Ростоши-Тайпақ» болат құбыры 1969 жылы «Гурьев-Куйбышев» мұнай құбыры ретінде салынып, 1970 жы­лы пайдалануға берілген. Ал 1980 жылы мұнай құбыры пайдаланудан шығарылып, 1982-1988 жылдар аралығында техникалық қажеттіліктер үшін су айдауға ар-налған сутартқыш ретінде қолданылған. Сосын 1994 жылға дейін пайдаланылмаған құбыр 1994 жылы қалпына келтірілген. Бүгінде ол арқылы Ақжайық, Теректі және Бәйтерек аудандарының 62 елді мекеніне газ жеткізіледі. 2017 жылдан бастап барлығы 44,09 шақырым газ құбыры жөнделген.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті ұйымдастырған іс-шара биыл­ға арналған инвестициялық бағдарламаның орын­далу барысын көрсетуді мақсат етті.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале