30.09.2020, 18:03
Оқылды: 41

БҚО-да волонтерлардың қатысуымен 18 мыңнан астам шара өткізілді

Өңірдегі волонтерлықты дамыту үшін арнайы жұмыс жоспары бекітілді, волонтерлардың жұмысын жүйелендіруге арналған volunteer07.kz сайты құрылды. Сайтқа Орал қаласынан және аудандардан 10 мыңнан астам адам волонтер ретінде тіркелді, оның ішінде 8 «алтын» волонтер (64 жастан асқандар), 34 «күміс» волонтер (50 жастан асқандар) бар, қалғандары – жастар.Волонтерлардың қатысуымен 18 мыңнан астам шара өткізілді. Бұл туралы БҚО әкімі Ғали Есқалиев облыстық мәслихаттың XXXVIII сессиясында депутаттар алдындағы есебінде айтты.

unnamed

– Елімізде орын алған індетке байланысты волонтерлар жұмыстың басым бөлігі келесі бағыттарда жүзеге асырылды.

Облыс бойынша 13 мыңнан астам отбасыға азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да түрде адрестік көмек көрсетілді.

Ұлы Отан соғысы, еңбек ардагерлеріне, сала бойынша ардагерлерге 10 күн сайын волонтерлармен жағдайлары бақылауға алынып, қажетті тұрмыстық көмектер көрсетілуде.

350 мың маска тегін таратылды, соның ішінде 80 мың масканы волонтерлар өздері қолдан тікті.

Жыл басынан бері «BIRGEMIZ» taza-alem жалпыұлттық жобасы аясында  18 акция ұйымдастырылып, 62,2 тонна қоқыс шығарылды.

Елдегі пандемиялық жағдайға байланысты адам өмірін сақтап қалу үшін күрескен, коронавирус індетіне шалдыққан медицина қызметкерлеріне волонтерлар су, дәрі-дәрмек, басқа да тұрмыстық қажетті заттарын үнемі жеткізіп тұрды.

Карантин және локдаун кезінде волонтерлар құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірлесе қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына атсалысты, барлығы 1206 рейд жүргізілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар келесі жылы да жалғасатын болады, – деді өңір басшысы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале