28.07.2025, 10:00
Оқылды: 110

БҚО-да халықаралық жол бөлігі жабылды

Батыс Қазақстан облысында халықаралық маңызы бар Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы («Сырым» өткізу бекеті) жолының 254-261 шақырымы, яғни Орал автовокзалынан Теректі ауданы Подстепный ауылына дейінгі учаскесі толық жабылды, - де жазады kaz.inform.kz

WhatsApp Image 2025-07-28 at 09.21.56
Фото: kaz.inform.kz

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, 27 шілде күні сағат 14.00-ден бастап жабылған жол бөлігінде жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

- Аталған іс-шараға байланысты уақытша келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында саяжай тұрғындары үшін Подстепный ауылындағы ұзын көпірден бастап 2-саяжай қауымдастығы бағытына дейінгі жол бөлігі ашық болады. Жол қозғалысына қатысушылардан түсіністік танытуды сұраймыз, - делінген ресми ақпаратта.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале