БҚО-да 2023 жылды 15 ақпанына дейін 2 802 автокөлік заңдастырылған. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде:
- 335 - Армения;
- 112 - Армениядан "сары" нөмірлерден ;
- 2 347 - Ресей;
- 3-еуі Араб Әмірлігінен;
- 2 - Грузия;
- 2 - Беларуссия;
- 1-еуі - Қырғызстаннан тіркелген.
Басқа өңірлерде БҚО тұрғындары 50 көлік тіркеген. Оның ішінде:
- 8 - Армения;
- 9 - Армениядан "сары" нөмірлерден;
- 31- Ресей;
- 2-еуі Қырғызстаннан.
15 ақпан күні Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасында іздеуде жүрген "Тойота Камри" және "Форд Фиеста" маркалы екі көлік анықталған.
Сақталу қолхатын алып машиналар иелеріне қалдырылады.
Фактіге қатысты ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу, көрінеу жалған құжатты пайдалану)
Барлық тиісті сараптамалар тағайындалған
zhaikpress.kz