28.10.2025, 12:30
Оқылды: 205

БҚО-да «Жайық CUP II» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасы, «Жастар Рухы» жастар қанатының БҚО филиалы және «Болашақ Қазақстанға» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Жайық CUP II» республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

DSC01864

Ауқымды шараның басты мақсаты – жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, сыни және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ мәдениетті пікірталас жүргізу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

DSC02034

Турнирге еліміздің әр өңірінен – Астана, Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Шымкент қалаларынан келген пікірсайысшылар қатысты. Жарысқа 14 пен 35 жас аралығындағы 32 команда және 64 спикер қатысып, өздерінің білімдері мен шешендік қабілеттерін ортаға салды.

Бірінші күні пікірсайыс турнирінің іріктеу кезеңдері Британдық парламенттік форматта (БПФ) өткізілсе, негізгі бөлім мен финалдық сайыстар Американдық парламенттік форматта (АПФ) ұйымдастырылды. Екі күнге созылған дода барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жоғары деңгейдегі пікірталастар өрбітті.

DSC01981

Айта кетерлігі, турнирдің жалпы жүлде қоры 1 000 000 (бір миллион) теңгені құрады. Бұл қаражат жеңімпаздар мен үздік спикерлерді ынталандыру мақсатында бөлініп, турнирдің мәртебесін арттыра түсті.

Шара қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен командалар мен жеке спикерлер түрлі номинациялар бойынша марапатталып, арнайы дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.

DSC02057

«Жайық CUP II» республикалық пікірсайыс турнирі – жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, олардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.

Облыстық Қоғамдық даму басқармасы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале