Батыс Қазақстан облысында өзендердің денінде тасқынның беті қайта бастады, - деп жазады kaz.inform.kz.

Фото: kaz.inform.kz
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, 30 наурыз күнгі таңғы сағат 08.00-дегі ақпарат бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі соңғы тәулікте Бөрлі ауданы Жарсуат ауылынан басқа гидробекеттерде көтерілген.
Атап айтқанда, Жарсуатта 327 см (-16, қауіпті шегі – 1 мың см) болса, Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 265 (+50), Оралдағы гидробекетте 254 (+25, 850 см), Көшімде 217 (+27), Ақжайық ауданы Мерген елді мекенінде 373 (+23), Тайпақта 109 (+5) сантиметрді көрсетті.
Сондай-ақ Шаған өзені Бәйтерек ауданы Чувашин ауылында бір тәулікте 87 см-ге көтеріліп, 797 сантиметрге (қауіпті шегі – 1 300 см) жетті. Есесіне Орал қаласына жақын орналасқан Мичурин ауылында 9 сантиметрге (445 см) төмендеді.
Облыс бойынша соңғы тәулікте Шыңғырлау мен Шідертіде су деңгейі сәл-пәл көтерілгенімен, басқа өзендерде ағыстың бәсеңдегені байқалады.