29.03.2024, 22:19
Оқылды: 40

БҚО-да жедел штаб күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

25 наурыздан қауіпті учаскелерде 51 мыңға жуық инертті материалдар салынған қаптар төселіп, 500 мың текше метрге жуық еріген су сорылды, деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

IMG-20240329-WA0075
Төтенше жағдайлар мен оқиғалар қаупі туралы халықты ескерту мақсатында, азаматтардың ұялы телефондарына дауылды ескерту туралы СМС-хабарламалар жіберііп жатыр.

Су Орал 2024

Орал қаласы, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі және Теректі ауданы әкімдерінің шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Республикалық және облыстық (құрамында облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері бар) жедел штабтар
күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Облыстық және республикалық штаб базасында жедел желі телефоны жұмыс жасауда (26 наурыздан ақпараттық сипаттағы 184 қоңырау түсті).
Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Қаратөбе, Шыңғырлау, Сырым, Бөрлі аудандарында су тасқыны қаупі бар елді мекендердің, өзендер мен көлдердің тәулік бойы мониторинг жалғасуда.

InShot_20240329_221339756
Қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның салдарынан биік жерлерден еріген судың көп мөлшері түсіп, Орал қаласы, Бәйтерек, Тасқала, Қаратөбе, Бөрлі, Сырым және Теректі аудандарында 455 тұрғын үйді судың басуына себеп болды. Зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың күшімен алдын-ала 1065 адам эвакуацияланып, 2195 жуық ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз орындарға айдалды.
Тәулікте авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге ТЖМ құтқару бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, ҚР ІІМ, Ұлттық гвардия жеке құрамынан 1000 аса адам, қосымша ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, № 28237 әскери бөлімі және Маңғыстау облысы ТЖД күш-құралдары тартылды. Жедел жұмыстарға шамамен 300 бірлік техника және 97 су соратын құрал қолдануда.

InShot_20240329_221846105
Бұдан бұрын су тасқыны кезеңі басталғанға дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша
бөгеттерді, қорғаныш біліктерді тұрғызу және нығайту, су өткізгіш құбырларды орнату, арық жүйесін тазарту, қарды шығару, жару жұмыстары, тесіктерді бұрғылау және облыс өзендерінің кептеліс учаскелерінде мұз кесу секілді су тасқынына қарсы шаралар жүргізілген болатын.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале