27.07.2020, 11:46
Оқылды: 43

БҚО-да жеке сот орындаушылары гуманитарлық көмек көрсетті

Елімізде орын алған індетке байланысты "Biz Birgemiz" акциясы аясында Батыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушылары "Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының "жасотандықтарымен" бірлесе отырып, Орал қаласындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұжымына гуманитарлық көмек көрсетті.

656D563C-9955-4E70-8BCB-BF4E1D76E88C

Әлеуметтік мекемедегі күтушілерге 2 тоннадан астам көкөністер мен бөлмелерді желдетуге арналған желдеткіштер сыйға тартылды.

Айта кету керек, осы кезге дейін де БҚО жеке сот орындаушылары әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға азық-түлікпен жәрдемдескен болатын.

"Осындай сындарлы сәтте адамзат баласының бір-біріне қолұшын созғаны ләзім. Қайырымды болу ізгілікке үндейді. Біз біріксек қана қиындықты жеңеміз.

«Сыйласаңыз, кәріңді, жарылқармын бәріңді» дегендей, аға буын өкілдеріне құрмет көрсету парызымыз. Соның ішінде тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандар қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс. Өйткені оларға бүгінде мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар болып отыр. Түрлі бағдарламалар жасақталған.

Игі шараларымыз алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, біз бұл қиындықтарды тез еңсереміз", - дейді БҚО жеке сот орындаушысы Жангүл Айткужакова.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале