5.06.2024, 9:15
Оқылды: 21

БҚО-да «Жер-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

БҚО-да «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

B92BF147-917F-4C5A-A169-BCD2D8602E55

«Жаттығудың негізгі мақсаты – облыстық азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі және халықтың жойқын жер сілкінісі салдарынан болған төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға дайындығы мен қабілеттілігінің деңгейін арттыру және облыстық (қалалық және аудандық) қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдарының жер сілкінісі кезеңіндегі төтенше жағдайға ден қоюға дайындығын тексеру.

Өткен жаттығуда азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін басқару органдары, күштері мен құралдары тексерілді. Болжам негізінде ықтимал төтенше жағдайды жою жөніндегі функционалдық міндеттерді орындауға АҚМЖ күштері мен құралдарын қолдануды дайындау, ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, жедел жағдай бойынша төтенше жағдайды жоюға шешімдер қабылданған болатын», делінген хабарламада.

Оқу-жаттығуға барлығы 245 адам, 148 бірлік техника, бір бірлік ұшақ, екі бірлік жолаушылар вагоны тартылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале