Алматы, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының шаруалары мал жаятын жер таппай жүр. Өйткені осы аймақтарда миллиондаған гектар жер кезінде заңсыз беріліпті. Ендігі міндет – ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен жерлерді ауылдағы шаруаларға кері қайтару. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек оралдық шаруалармен кездесіп, мұң-мұқтажына құлақ түрді. Бәйтерек пен Тасқала аудандарының тұрғындары мал бағатын жер жетпейтінін жасырмады. Бұл туралы «Amanat» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттер: «Amanat» партиясының баспасөз қызметі
– Жерді сату көбейіп кетті. Мысалы, мына азаматша жерді алады қожалық қылып. Жер алғаннан кейін бұл кісі ТОО-ға айналдырады. ТОО-ға айналғаннан кейін емшек емген бұзауы бар сияқты манағы жер ТОО-ның атында болады. Сосын мен алам да, оған мүше болып кірем. Екеуміз бірдей учредительміз. Сосын бұл кісіден мен сатып алам, бұл шығып кетеді. Манағы жер автоматты түрде маған қалып қойды. Әңгіме солай, жасырын түрде сатылып тұр ғой. Соны тоқтату керекпіз. Жер алынып жатыр, ар жағындағы иесін білмейсің кім екенін, - деп айтты кәсіпкер Нұртай Сапиев.
Биыл өңірде «Жер аманаты» жобасы бойынша пайдаланылмай жатқан және заңсыз алынған 50 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Жыл басынан бері бұл 150 пайызға орындалыпты. Әрбір ауданда көшпелі жиын өткен, 150 мың гектар жер кері қайтарылды. Жалпы аталмыш комиссия жұмысы 2022 жылы басталғалы бері өңірде мемлекет меншігіне 376 мың гектардан асатын жер қайтарылғаны белгілі болды.
– 2014-2023 жылдар аралығында БҚО-да менің алған ақпаратым бойынша 3 миллион гектар жерге дейін заңсыз, конкурссыз беріп тастаған. 3 миллион гектар! Сол бойынша Жер ресурстарын басару комитеті және департаменті тиісті жұмыс жүргізіп жатыр, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Жер аманаты» республикалық комиссиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Базарбек.
Соңғы екі жылда елімізде 11 миллион 500 мың гектар игерілмеген жер мемлекетке қайтарылған.
Бақытжан Базарбек келер жылға дейін тағы 15 миллион гектар жер қайтарылатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, жер мәселелерін жедел шешу үшін қазақстандықтар «AMANAT» партиясының 8 800 080 44 41 «Сенім телефоны» арқылы заң бұзушылықтың барлық фактісі туралы хабарлай алады.
Өтінімдер WhatsApp арқылыда +7 700 800 44 41 нөмірі бойынша қабылданады.
E-mail: [email protected]